Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола облысы: Көп қайырымдылық жасалды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 05.08.2020 2195 0 пікір
Ақмола облысы: Көп қайырымдылық жасалды

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз орталығында өткен брифингке қатысып, Құрбан айт мерекесі күндері атқарылған қайырымдылық іс-шаралар жөнінде сұхбат берді.

Ол Құрбан айттың карантин жағдайында аталып өткенін тілге тиек етті. Бұқаралық көпшілік шаралар болмаса да, биыл отбасылық мереке ретінде тойлануымен есте қалды. Ең бастысы, биыл алғаш рет ҚМДБ бастамасымен құрбан шалу қашықтан (онлайн) жүзеге асырылып, қайырымдылыққа көп көңіл бөлінді.

Қашықтан құрбан шалуға Ақмола облысы өкілдігіне 83 (74 қой, 9 ешкі т.б) тапсырыс келіп түскен еді. Тапсырыс шариғат талаптарына сәйкес орындалып, бейнеесептер жолданды. Ал ет алуға 147 отбасынан өтініш қабылданды. Жалпы Құрбан айт күндері Ақмола облысы бойынша 27 қара мал, 379 қой және 9 ешкі түлігі құрбандыққа шалынды. 2304 отбасыға 20 тоннадай құрбандық еті үлестірілді. Қазіргі уақытта қайырымдылық шаралары әлі де жалғасуда.

Облыс имамы қайырымдылық шарасына үлес қосқан барша азаматтарға алғыс айтты. Әсіресе өз көлігімен келіп ет таратқан еріктілерге ерекше ризашылығын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру