Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА ӨКІЛДІГІ 5805 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 03.08.2020 2966 0 пікір
ЕЛОРДА ӨКІЛДІГІ 5805 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Қасиетті Құрбан айт мерекесі кезінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі ұйымдастырған «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы аясында Елордамыздағы 5805 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жеткізілді.

Биылғы карантин режиміне орай Діни басқарма бастамасымен ұйымдастырылған қашықтықтан құрбан шалу рәсімінде Елорда өкілдігі бойынша жалпы саны 41 ірі қара және 1446 қой түлігі құрбандыққа шалынды. Оның ішінде 1332 қой мен 17 сиыр  qurban2020.kz жобасы аясында құрбандыққа шалынса, жекелеген мұсылман жамағаты 24 сиыр жəне 114 қой малын құрбандыққа шалып, еттерін дін қызметкерлері арқылы үлестірді.

Құрбандық малдарын сою және мүшелеу, пакеттерге бөліп салу секілді жұмыстар өкілдік қызметкерлерінің атқаруымен карантин режиміне сәйкес, арнайы санитарлық тазалық жасалған кешенде өткізіліп, қауіпсіздік пен сақтық шаралары барынша сақталып отырды. Сондай-ақ, құрбандық еттерін берілген мекенжайға жеткізіп беруге ықылас танытқан еріктілер тобына да тұрғындардың қауіпсіздік мәселесі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын.

Айта кетейік, айт күндері құрбандық еттерін тарату жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен Бас шаһардағы бірнеше еріктілер топтары да атсалысып, мереке күндері мейірімділік отын маздата түсті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру