Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: 33240 келі құрбан еті мұқтаж отбасыларға жеткізілді

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 03.08.2020 2330 0 пікір
Семей: 33240 келі құрбан еті мұқтаж отбасыларға жеткізілді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған қашықтан құрбан шалу рәсімі Семей өңірі бойынша жоғары деңгейде өтті.

Үш күн бойы атқарылған жұмыстар нәтижесінде Семей өңіріне қарасты қала, аудан, ауылдар бойынша 1 түйе, 87 ірі қара, 741 қой, ешкі  құрбандыққа шалынып, 3466  отбасыға, жалпы алғанда  33 тонна 240 келі құрбан еті үлестірілді. Соның ішінде Семей қаласында 12 ірі қара, 177 қой, ешкі малы құрбандыққа шалынып, 1210 отбасына үлестірілді.

Қашықтан құрбан шалу рәсімінің талапқа сай атқарылуына қала және аудан мешіттерінің имамдары, Жергілікті әкімшілік қызметкерлері және 167 ерікті жамағат үлес қосып жұмылдырылды.

–Бүгінгі құрбан айтта осылайша көп балалы аналарға деп  көмек беріп жатқандарыңа рахмет. Ең бастысы халқымыз аман болсын. Аман-есен осы індеттен құтылайық. Қуанышты күндер көп болсын! - дейді көп балалы ана Әсем Алпысбаева. 

Көп балалы тағы бір ана Гүлмира Тасқынқызы да ағынан жарылып:

–Сіздерге Алла разы болсын. Алла бүйырып осы пандемиядан шығайық. Рахмет сіздерге! Рахмет сіздерге…, - деп бір жағынан қобалжып, бір жағынан қуанып , ана жүректерімен шынайы лебіздерін білдіріп жатты.

–Құран  Кәрімнің «Хаж» сүресінің 37 – аятында: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаһқа деген құрмет» делінген екен. Сол себепті де жетім – жесірден, мұң-мұқтаждан көмегімізді аямай, сауапты істерді молынан жасайық. Біздің ең негізді мақсатымыз Алланың разылығы алу! Тағы да баршаңызға құрбан айт мүбарак болсын! Алла разылығы үшін құрбан шалған азаматтардың құлшылығы қабыл болсын! Игі шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамыз, - дейді Семей аймағының бас имамы Асқар Мұқанов.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру