Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Құрбан айтта 23 961 келі ет таратылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 03.08.2020 2328 0 пікір
Маңғыстау: Құрбан айтта 23 961 келі ет таратылды

Барша мұсылман жұртына ортақ Құрбан айт мейрамы да аяқталды. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, биылғы мейрам өзгеше өткен болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен онлайн құрбандыққа арналған Qurban2020.kz сайты жұмысын бастады.

Осы сайт арқылы, еліміздің әр облысының тұрғындары құрбан шалуға және ет алуға өтініштерін қалдыруда. Осыған байланысты, Құрбан айттың бірінші күнін Маңғыстау өңірі барынша дайындықпен қарсы алып, онлайн берілген тапсырыстарға сай құрбандық шалуды бастады.

Qurban2020.kz жобасы бойынша жүйелі есеп беріп тұратынымыз жайлы осыған дейін өздеріңізге хабарлағанымыздай, 2020 жылдың 31 шілдесі, яғни Құрбан айттың бірінші күні өңіріміз бойынша 1956 отбасыға ет таратылды.

Облыстық балалар үйіне – 31 пакет ет берілді.

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешіті 190 отбасыға, Жаңаөзен қаласында 712 отбасыға, Мұнайлы ауданындағы мешіттерде 250 отбасыға, Қарақия ауданында 150 отбасыға, ал, Түпқараған ауданында 100 отбасыға ет үлестірілді. Бұдан бөлек, онлайн уәкілдік құрбандығы арқылы шалынған құрбандық малының еті – 523 отбасыға үлестірілді.

Құрбан айт мейрамының 2-ші күні, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Құрбан-2020» онлайн қайырымдылық іс-шарасы барысында Маңғыстау өкілдігі бойынша 100 ұсақ мал (қой мен тоқты) және 1 ірі қара мал (сиыр) құрбандыққа шалынып, 2,5 тоннаға жуық ет үлестірілді.

Қайырымдылық іс-шаралары Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесін, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (Қарттар үйін) және «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын» (Ерекше балаларға арналған орталық), «Психоневрологиялық интернат үйі» мен «Зағиптар қоғамының» мүшелерін де қамтылды.

Жалпы алғанда, «Құрбан-2020» қайырымдылық іс-шарасы аясында облыс мешіттерінде 6 ірі қара мал мен 289 ұсақ мал құрбандыққа шалынып, 3423 отбасы мен 5 мекемеге 23 961 келі ет үлестірілді.

Бұдан бөлек, мереке құрметіне орай облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен 100 балаға айттық сыйлықтары, әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен 100 отбасыға арнайы тәттілер, Құрық ауылында 10 отбасыға және «Миғраж» мешітінде 50 отбасына тәттілер таратылды.

ҚМДБ – ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Ануар Ізімбайұлының айтуынша, қайырымдылық шаралары мүбәрак мейрам аяқталғаннан кейін де жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру