Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: 23 200 келі ет 5531 отбасыға таратылды

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 03.08.2020 2074 0 пікір
Талдықорған: 23 200 келі ет 5531 отбасыға таратылды

Бұл туралы баспасөз маслихатында ҚМДБ Талдықорған өңірі бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы мәлімдеді.

Бас имамның айтуынша, құрбан айттың үш күнінде Талдықорған өңірі бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Үйлестіру жұмыстарына байланысты арнайы штаб құрылып, азаматтар арасында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң орындалды.

Қашықтан (онлайн) құрбандық шалуға берілген тапсырыстармен қатар, ет алуға өтініш білдірген азаматтардың да сұраныстары толығымен орындалды.

Жалпы өңір бойынша 1 түйе, 56 сиыр, 529 қой, 60 тоқты, 22 ешкі сойылып, 5531 отбасына еті таратылды. Соның ішінде онлайн режимінде 3 ірі қара, 53 қой, 41 тоқты, 5 ешкі сойылып, 805 отбасына еті жеткізілді. Ал қосымша 6 сиыр, 45 қой, 7 тоқты сойылып, 316 адамға еті берілген. Жалпы жұмыс нәтижесінде 23200 келі ет 5531 отбасына таратылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру