Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Қуанса, бала қуансын!

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 03.08.2020 2066 0 пікір
Орал: Қуанса, бала қуансын!

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы жасалды.

Сектор жетекшісі Анаргүл Демеутова жағдайы төмен 10 отбасыға арнайы барып, Құрбан айт мерекесімен құттықтап, азық-түлік салынған қоржынды сыйлады. Сондай-ақ балаларға тәттілер беріп, алғысқа бөленді.

Осындай игі шара Жаңақала аудандық мешітінде де жалғасты. Ауданынң бас имамы Ерік Сұлтанов білдіршіндерге ойыншық сыйлап, балаларды қуанышқа бөледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру