Құрбан айттың бірінші күні Жамбыл облысындағы Һибатулла Тарази мешітінде qurban2020 сайты арқылы осы уақытқа дейін келіп түскен онлайн тасырыс бойынша құрбандық шалынды.

Құрбандық шалушы тұрғындарға жұмыс есебі 10 секунттық видео негізінде whatsapp арқылы жеке-жеке жолданды. Видеода ниет білдіруші есімі аталып, Алладан қабыл болуын тілеп, малды бауыздағаны да көрсетілді.

Сайтқа келіп түскен сұраныс бойынша 1138 отбасыға ет таратылды. Барлық шара карантин талаптарына сай атқарылды. Қалада 10 қасапшы, 2 қасапхана қызмет етті. Бүгінге дейін Тараз қаласы бойынша 9 ірі қара, 45 тоқты, 40 қой, 2 ешкі құрбан шалуға тапсырыс берді.