Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Құрбан шалу qurban2020.kz вебсайты арқылы жүзеге асырылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 31.07.2020 2573 0 пікір
Алматы: Құрбан шалу qurban2020.kz вебсайты арқылы жүзеге асырылды

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2020» онлайн қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласы өкілдігі қасиетті Құрбан айт мерекесінің бірінші күнін онлайн құрбан шалу рәсімімен бастады.

Онлайн құрбандық шалу рәсімі карантин талаптарын сақтауға арналған qurban2020.kz вебсайты арқылы жүзеге асты. Яғни қашықтан онлайн құрбан шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары сайт арқылы өтінім берген мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

Бұл рәсім аясында Алматы қаласы бойынша әзірге 290 уақ мал (қой, тоқты, ешкі), 6 ірі қара (сиыр) мал құрбандыққа шалынып, құрбан еті 1000-нан астам отбасыға үлестірілді.    

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру