Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: 500 отбасыға құрбан еті үлестірілді

Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 31.07.2020 2117 0 пікір
Өскемен: 500 отбасыға құрбан еті үлестірілді

ҚМДБ Өскемен аймағы qurban2020.kz сайты арқылы құрбан шалуға тапсырыс берген өңір тұрғындарының құрбандығын шалды.

Құрбан айттың алғашқы күні мұқтаждарға қайырымдылық жасауға асыққан жомарт жандар легі толастамады. «Халифа Алтай» мешіті Өскемен қаласы бойынша qurban2020.kz сайты арқылы ет алуға өтініш берген 160-тан астам мұқтаж отбасыға құрбан етін үлестірді. Мұқтаждарға құрбан етін тарату, қайырымдылық жасау өңірге қарасты аудандарда да қарқынды жүрді. Жалпы Өскемен аймағы бойынша 500 отбасыға құрбан еті таратылды.

Бұл игі іске имамдармен қатар еріктілер де жұмылдырылды. Одан бөлек Өскемендегі «Үміт» балалар үйіне де құрбан еті жеткізілді. Құрбан шалу карантин талаптарына сай ұйымдастырылды. Алдағы екі күнде қайырымдылық шарасы жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру