Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Қашықтан құрбандық шалуға тапсырыс 1 тамызға дейін жалғасады

amin.kz 31.07.2020 2238 0 пікір
Атырау: Қашықтан құрбандық шалуға тапсырыс 1 тамызға дейін жалғасады

Qurban2020.kz сайты арқылы Атырау облысында қашықтан (онлайн) құрбан шалуға 97 тапсырыс түсті. Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы хабарлады.

«Атыраулықтар 51 қой, 6 ешкі, 40 тоқтыға онлайн түрде тапсырыс берді. Ал құрбан малының етін алуға 380 мұқтаж отбасынан өтініш түсті. Құрбан шалу 31 шілде күні Атырау уақытымен сағат 8.00-де басталады. Сонымен бірге құрбан малын қашықтан (онлайн) шалуға тапсырыс qurban2020.kz сайты арқылы 1 тамыз күні де қабылданады» деп атап өтті бас имам брифинг барысында.

Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, бүгінгі таңда Атырау облысы əкімдігі тарапынан құрылған штабтан тыс орталық «Иманғали» мешіті тарапынан 12 бригада құрылды. Аталған бригада тапсырыс берген құрбан малын союмен айналысады. Және құрбан шалушыларға фото-видео есептер жіберіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру