Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам қасапхана дайындығымен танысты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 30.07.2020 2428 0 пікір
Қызылорда: Бас имам қасапхана дайындығымен танысты

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жылы  онлайн режимде, яғни қашықтықтан құрбандық шалуды ұйымдастыру қолға алынғаны мәлім.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қасиетті мереке қарсаңында облыс орталығындағы құрбан шалу рәсімін өткізуге арнайы бекітілген  мал сою алаңының дайындық барысын пысықтады.

Дайындық жұмыстарымен танысқан бас имам қасапхана басшылығы  мен штаб қызметкерлеріне құрбан шалу рәсімін өткізу барысында санитарлық және шариғи талаптар толығымен сақталуын және карантин режимінде жауапты мамандардан  тыс адамдардың шоғырланбауын қадағалауды ескертті.

Айта кетейік, Облыстық бас санитардың «Құрбан айт» мерекесіне қатысты қабылдаған қаулысына сәйкес, құрбан шалу рәсіміне қатысты бірқатар шектеулер қойылған болатын. Аталмыш қаулыға сүйене отырып қала аумағында бір ғана мал сою алаңына рұқсат берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру