Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Ауруханаға 16 аппарат тарту етілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 30.07.2020 2203 0 пікір
Түркістан: Ауруханаға 16 аппарат тарту етілді

ҚМДБ бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» акциясы әлі де жалғасып жатыр. Түркістан облысы бойынша имамдардың ұйымдастыруымен ауруханаларға берілген медициналық құрал-жабдықтың саны жүзге жуықтап қалды.

Кезекті игі шарада Шардара аудандық ауруханасына 16 жасанды тыныс алдыру аппараты тарту етілді.

Оның 8 данасын «Әбу Мансур әл-Матруди» мешітінің жамағаты өз қаржысына алып берді. Қалғанын кәсіпкерлер сыйлады. Әрқайсысының құны 170 мың теңге тұрады. Аурухана ұжымы имамдарға игілікті істері үшін ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру