Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Дәрігерлерге 500 литр қымыз таратылды

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі ihsan.kz 30.07.2020 2258 0 пікір
Қарағанды: Дәрігерлерге 500 литр қымыз таратылды

Еліміздің басына күн түскен қиын қыстау заманда Ақтүбек ауылдық округі халықтың денсаулығына араша түсіп, күні-түні тыным таппай халықтың денсаулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға 500 литр қымызды теңдей үлестіріп, қайырымдылық жасады.

Игі шара Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында өтті.

Осындай игі шараны жүзеге асырған барша жомарт жандарға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Зекет» қоры өкілдігі мен «Жастар ісі» секторы облыстық туберкулезге қарсы диспансері қызметкерлеріне қымызды теңдей үлестіріп, ақ халатты абзал жандардың алғысына бөленді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру