Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Көпбалалы анаға 245-баспананың кілті табысталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 30.07.2020 2253 0 пікір
Өскемен: Көпбалалы анаға 245-баспананың кілті табысталды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және «Зекет» қоры өкілдігі, сонымен бірге, Өскемен қалалық «Защита» мешітінің ұйытқы болуымен Согра кентінен жалғызбасты және көпбалалы анаға баспана тарту етілді.

Бұл үй еліміз бойынша 245-ші пәтер болса, Өскемен аймағынан берілген 9-шы баспана болып отыр. Баспана кілтін ҚМДБ Өскемен аймағы «Зекет» қорының өкілі Аманбол Қуатұлы мен Өскемен қалалық «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұлов және ат салысушы азаматтар табыс етті.

Игі іс туралы Өскемен қалалық «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұлов: –«Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бойынша ел көлемінде бүгін, міне, 245-ші баспана табыс етіліп жатыр. Мұқтаждарды қуанту, жақсылық жасау – Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі бослын) ардақтаған ең бір сауапты істердің бірі. Отбасы үшін баспананың орны ерекше. Біз әрдайым мұқтаждарға қол ұшын беру бағытында нақты іспен айналысудамыз, - деп ерекше атап өтті.

Баспанаға ие болған өскемендік көпбалалы Байболова Айман осы игі істі ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.

«Бас мүфтиге алғысым шексіз. Көп жылдар баспана қиындығын тарттым. Енді міне, соның барлығы бір күндегідей болмай ұмытылып, жақсылыққа қолымыз жетіп отыр. Өмірде баспаналы болғаннан артық не қуаныш бар?» деп ерекше сезіммен алғысын жеткізді.

Баспанаға әжелер шашу шашып ізгі тілек білдірді.

–«Ел үлесі – пәтерге» жобасы өңірде алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл жұмыс жүйелі түрде атқарылып жатыр» деді, - өңірлік «Зекет» қорының өкілі Аманбол Қуатұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру