Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі muftyat.kz 30.07.2020 2184 0 пікір
Қызылорда: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен жиын өтті. Жиында бас имам келе жатқан Құрбан айт мерекесінің аталып өтуі мен құрбан шалу рәсімін жүзеге асыруға байланысты бірқатар мәселелерге тоқталды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына   сәйкес, өкілдік жанынан құрылған штабтың жұмыс бағыты пысықталып, жауапты мамандардың  міндеттері нақтыланды.

Айта кетейік, биыл ҚМДБ пандемия жағдайына байланысты мешіттерде айт намазы оқылмайтынын және құрбан шалу рәсімін жүзеге асыру мақсатында www.qurban2020.kz сайты іске қосылғанын хабарлаған болатын. Сайт арқылы құрбан шалуға және ет алуға онлайн өтініш білдірген жандардың талап-тілегін аталмыш штаб қызметкерлері жүзеге асырады. Штаб құрамында  имамдар мен молдалар, техникалық қызметкерлер,  қасапшылар, тілші мен оператор, статистикаға жауапты мамандар және мешіт жамағаттарынан жасақталған еріктілер тобы бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру