Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Бас имам телеарнаға сұхбат берді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 29.07.2020 2387 0 пікір
БҚО: Бас имам телеарнаға сұхбат берді

ҚМДБ-ның БҚО өңірі бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев алда келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, облыстық «ТДК-42» телеарнасына сұхбат берді.

Сұхбатта осынау мерекенің ата дініміздегі алар орны мен мән-маңызына тоқталып, биылғы пандемия жағдайына байланысты Құрбан айт мерекесін өткізуге қатысты енгізілген бірқатар өзгерістерге тоқталды. Атап айтар болсақ, биыл Айт намазы оқылмайды және құрбан шалу рәсімі мешіттерде жүзеге асырылмайды. Бас имам індеттің таралуының алдын алу мақсатында облыс халқын құрбандықты өз үйлерінде шалуға шақырды.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің атынан Ақжайық халқын осынау қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Дінбасымыздың бастамасымен өз үйінде құрбан шалуға мүмкіншілігі жоқ қала немесе аудан орталықтарында тұратын адамдар үшін qurban2020.kz сайты іске қосылғанын атап өтті. Яғни құрбан шалушы өз атынан құрбан шалу рәсімін өткізуге онлайн тапсырыс берсе, мұқтаж жандар ет алуға онлайн өтініш қалдыра алады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру