Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам онлайн жиынға қатысты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 29.07.2020 2273 0 пікір
ШҚО: Бас имам онлайн жиынға қатысты

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған онлайн жиынға қатысты. Іс-шараға салаға жауапты басшылар, аудан, қалалардың ішкі саясат бөлім басшылары қатысты.

Жиында Ермек Қасболатұлы карантин кезіне өтіп отырған жиналыстың маңызына тоқталып, алдағы құрбан шалу тәртібін таныстырды. Бас имам: «Қазіргі таңдағы қалыптасқан жағдайға байланысты құрбан шалу онлайн түрінде өткелі отыр. Аудан, қалалық мешіттер жанынан ақпараттық топ құрылды. Имамдарымыз халыққа індет кезіндегі діни рәсімдер өткізу тәртібін және онлайн құрбан шалудың талаптарын насихаттауда. Онлайн уағыздар, жамағаттың сауалдарына әлеуметтік желілерде жауап беру қатарлы насихат жұмыстары арнайы жоспармен үздіксіз атқарылуда. Бірнеше мәрте ел амандығына арналып Құран хатым жасалды. Өңірде күн сайын ауруханаларға қымыз, сорпа таратылуда» деп айырықша атап өтті.

Бас имам жиында құрбан айтқа әзірлікті пысықтап, карантин талаптарын барынша сақтап, діни іс-қызметті үйлестіріліп жатқандығын айтты.

Жиында құрбан айт мейрамын карантин ережелерін сақтап, ұтымды ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру