Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдар Құрбан айт қарсаңында қасапхана жұмысымен танысты

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 29.07.2020 2815 0 пікір
Шымкент: Имамдар Құрбан айт қарсаңында қасапхана жұмысымен танысты

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы мен орталық мешіттің имамдары Бозарық тұрғын алабында орналасқан «Халал Қассап» мал сою қасапханасында болды.

Алдағы құрбан айт күндері мал сойылатын орынның  барлық қызметтерімен танысты. Тазалығы мен тәртібін, санитарлық талабын тексерді.

Биыл іске қосылған QURBAN2020.KZ сайтындағы тапсырыс берілген құрбандық малдары осы жерде шалынады. Мал иелерімен кездесу барысында құрбан малдарының  бағасының тұрақты және қол жетімді болуы да айтылып, оған баса көңіл бөлінді.

Сонымен бірге имамдар қасапшылармен кездесіп, оларға мал союдың шариғи үкімдерін түсіндірді. Сұрақтарына жауап берілді. Мал бауыздау барысындағы барлық жағдайлар ескерілді. Әсіресе,  көпшілікті жинамау баса айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру