Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАҒА СЫЙҒА БЕРІЛДІ

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 28.07.2020 2481 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАҒА СЫЙҒА БЕРІЛДІ

ҚМДБ «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла!» акциясының аясында Маңғыстау облыстық ауруханасына «ВМЗ-пациенттің мониторы» аппараты сыйға тартылды.

Науқастың денсаулығын тексеруге арналған құрылғының құны – 1 млн 500 мың теңге. Қымбат құрылғыны «Зекет» корпоративтік қорының Маңғыстау өкілдігі жиналған қаражатқа алып берді.

–Елдегі індеттің өршуіне байланысты, ауруханаларда кейбір құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі байқалғаны рас. Дәрігерлер қазіргі кезде осы аппараттың аса қажеттігін айтқан болатын. Бүгін Ресейден жеткен оңтүстік корейлік медициналық құралды облыстық ауруханаға тапсырып отырмыз,- деді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов.

Мешіт қызметкерлері мұндай игі шаралардың алдағы уақытта жалғасын табатынын айтады. Өйткені, өмірге үміт сыйлау – ең ізгі амалдардың бірі дейді олар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру