Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Көп балалы анаға 244-баспана берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 28.07.2020 2542 0 пікір
Түркістан: Көп балалы анаға 244-баспана берілді

«Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында 244-баспана Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Шақпақ ауылының тұрғынына берілді.

Гүлмира Сейілбекова – асыраушысынан айырылған бес баланың анасы. Олар көп жылдан бері пәтер жалдап келген.

Көп балалы отбасыға «Асқар-Тау» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Оразханұлы 4 бөлмелі үй сыйлады. Жаңа баспана арнайы мектеп, бала-бақшаға жақын маңнан алынды. Қоныс иелеріне үй кілтін табыстаған облыс имамы Мұсабек Ақтамберді кәсіпкерге ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша бұл бір аптада берілген төртінші үй. Ал, Бәйдібек ауданы бойынша жыл басынан бері «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен 3 үй берілді. Баспаналар кәсіпкерлер мен жамағаттың зекет қаржысына тарту етіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру