Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: «Өмірге үміт сыйла» акциясына үлес қосты

ҚМДБ Ақмола облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 27.07.2020 2570 0 пікір
Көкшетау: «Өмірге үміт сыйла» акциясына үлес қосты

Көкшетау қаласындағы рухани орталық «Науан хазірет» мешіті де ҚМДБ «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла» акциясына үлес қосып, қала ауруханаларына аса қажет оттегі концентраторының 3 данасын табыстады.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбиттің айтуынша, жүрегі жомарт азаматтардың қаржылай көмегімен оттегі концентраторларынан бөлек 10 дана пульсоксиметр, 30 000 бетперде, 15 000 медициналық қолғап пен 600 литр қол жуғыш антисептик сатып алынған.

«Біз алдағы уақытта бұл заттарды тиісті орындарға, оның ішінде ауруханаларға және қарапайым адамдарға таратамыз. Адамзатқа келген бұл індет қазақ елін де қатты әбігерге салып тұр. Адам өмірін жалмаған індетке қарсы қайран көрсету оңай емес. Жүрегінде туған халқына деген сезім бір сәт толастамай, жан-тәнімен қол ұшын созған мейірімді азаматтарды көріп, көңілің жылиды екен. Қазағына араша түскен осы бір абзал жандарға ақ жүректен алғыс айтқымыз келеді» дейді Қ.Сәбит.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру