Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен ауруханаларына күнделікті қымыз бен сорпа таратылуда

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 27.07.2020 2629 0 пікір
Өскемен ауруханаларына күнделікті қымыз бен сорпа таратылуда

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің «Әйел-қыздар» секторы және Өскемен аймағы «Зекет» қоры өкілдігі бірлесіп, Өскемен қаласындағы ауруханаларға ерекше форматта қайырымдылық жасап отыр.

Қазіргі таңда ауруханаларда індет жұқтырып емделіп жатқан науқастарға қымыз және қой етінен жасалған сорпа таратылу ісі күн сайын атқарылып келеді.

Бұл игі бастама туралы «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Науқастардың ауруға қарсылығын көтеру, тезірек айығып кетуіне халықтың дәстүрлі сусын-тағамдардың ролі зор. Науқастар тезірек сауықсын деп қымыз және сорпа таратып жатырмыз. Бұл игі іске әйел-қыздар секторы ерекше ат салысып отыр» дейді.

Дін қызметкерлерінің бұл игі бастамасына аурухана әкімшілігі мен науқастар да дән риза. Қазіргі таңда ауруханаға «Халифа Алтай» мешітімен Зекет қоры бірлесіп күн сайын қымыз және қой сорпасы таратуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру