Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СЕМЕЙ АУРУХАНАЛАРЫНА 30 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 27.07.2020 3060 0 пікір
СЕМЕЙ АУРУХАНАЛАРЫНА 30 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Осыған дейін ҚМДБ «Зекет» қоры және Семей мешіттерінің ұйымдастыруымен 27 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынып, Семей аймағындағы ауруханаларға таратылған болатын.

Бұл игілікті шара тағы да «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында Семей емханаларына 30 дана өкпені тыныстандыру аппараты және 10 дана пульсоксиметр табысталды. 

Ауруханалардағы вируспен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер қауымы мен сауыға бастаған сырқат жандар ақжарма алғыстарын білдіруде.

–«Кімде-кім бір адамды тірілтсе (өлім қатерінен құтқарса) ол, бүкіл адамзатты тірілткенмен тең» делінген Құран-кәрімнің «Мәидә» сүресінің, 32-ші аятында. Аталмыш қайырымдылық шарасы әлі де жалғасуда. Ұйымдастырушы дін қызметкерлері осынау акцияға үлес қосып, Жаратушының ризалығына кенелгісі келген жомарт жандарды ат салысуға шақырады, - дейді Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Семей өңірі бойынша «Зекет» қорының есепшоты:

Kaspi Gold: 4400 4301 2628 4561.

Телефон нөмірі: 87013108999. Біржан Аманжолұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру