Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Ауруханаларға оттегі концентраторлары жеткізілді

muftyat.kz 27.07.2020 2282 0 пікір
Алматы: Ауруханаларға оттегі концентраторлары жеткізілді

Алматы қаласындағы Қалқаман мешіті де ҚМДБ «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясына үн қосты.

Күні кеше жомарт жандардың қолдауымен Түркия мемлекетінен оттегі концентраторлары сатып алынып, Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына және Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына тапсырылды.

–Мешітіміз рухани орын ғана емес, қайырымдылық пен ізгілік жасайтын орын да саналады. Өйткені мешітте көптеген қайырымдылық, игі іс-шаралар атқарылып келеді.

Індет өршіп, ел қиналып жатқанда да Қалқаман мешіті тасада қалмай, көптеген ізгі істерді ұйымдастырып келеміз. «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла» акциясына үлесін қосқан жанашыр азаматтарға Алла разы болсын! – дейді Қалқаман мешітінің бас имамы Кенжеәлі Қоңыратбайұлы.

Бас имам өкпені демалдыратын қондырғылар Бүгін сол аппараттар Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Болатбекұлына және Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айгүл Абдрахмановаға арнайы тапсырып, дәрігерлердің дамылсыз жұмыстарына рахметін айтып, батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру