Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ АТЫНАН ҚҰДЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі muftyat.kz 26.07.2020 3325 0 пікір
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ АТЫНАН ҚҰДЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай, Алматы қаласы өкілдігі атынан Алматы облысы, Іле ауданы «Ащыбұлақ» елдімекеніне жаңа құдық пайдалануға берілді.      

Ашылу салтанатына Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай Алматы қаласы Жетісу ауданының бас имамЫ Бақытжан Көптілеуов және «Ащыбұлақ» елді-мекенінің тұрғындары қатысты. 

32 метр тереңдікте қызылған суы бал танитын бұл қыдық Алматы қаласы мешіттерінің, атап айтқанда Жетісу ауданы мешіттерінің жамағаттары мен жомарт жандардың ұйымдастыруымен қазылып, ел игілігіне берілді. 

Ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай ең алдымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің сәлемін жеткізіп, дініміздегі құдық қазу сынды сауапты істердің маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында игі іске мұрындық болған азаматтарға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру