Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: «Әйел-қыздар секторы» 1500 дана бетперде үлестірді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 22.07.2020 2638 0 пікір
Павлодар: «Әйел-қыздар секторы» 1500 дана бетперде үлестірді

Павлодар облысы орталық «Мәшhүр Жүсіп» мешіті, қалалық «Ақмешіт», «Омар әл-Фаруқ» мешіті және Екібастұз қалалық мешіттерінің «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының қолдауымен «Өмірге үміт сыйла!» акциясы өтті.

Акция барысында, облыстық орталық Сұлтанов атындағы ауруханаға, қалалық жедел жәрдем ауруханасына, Қарттар және мүгедектерге арналған арнайы мекемеге және «Жасыл ел» жастар ұйымы қызметкерлеріне 1500 дана бетперде таратылды.

Жаратушы Алла Тағала адам баласын жер бетінің халифасы етіп жжаратты. Ал хадисте: «...Адамның қадірі мен құрметі Кағбадан да артық...», – дейді.Демек, бір адамның болса да өлімнен құтқарылуына себепкер болсаң, оның сауабын санап тауыса алмайтынымыз ақиқат.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру