Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы Орталық мешітінде 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 20.07.2020 2824 0 пікір
Алматы Орталық мешітінде 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында қаладағы аз қамтылған 100 отбасыға әлеуметтік (азық-түлік, құрбандық еті, т.б.) көмек көрсетілді.

Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасыға Алматы Орталық мешіті әзірлеген арнайы көліктерде үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.

«Ел арасын жұқпалы індет жайлап, карантин режимі енгізілген уақытта қаржылай тұралаған отбысыларға қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек көрсетіп, аталмыш акцияға үлес қосқан барша жомарт жандар мен қайырымды жамағатқа алғыс білдіреміз» дейді Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру