Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда қайырымдылық шаралары жалғасып келеді

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі ihsan.kz 20.07.2020 2472 0 пікір
Қарағандыда қайырымдылық шаралары жалғасып келеді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті, «Зекет» қоры, «Ана-Мама», «Батыл жүрек» қайырымдылық қорлары мен «Асыл аналар» қоғамдық бірлестігінің ұжымдасуымен карантин кезінде сауапты істер атқарылуда.

Әр күні 170 адамға арналған ыстық тағам қаладағы Мақажанов атындағы және №11, №13 ауруханалардағы медицина қызметкерлеріне тегін тасымалданып келеді. Тағам даярлауға Күнгей ықшам ауданы мен Шөптікөл ауылының тұрғындары ерікті түрде отбасы мүшелерімен қолғабыс тигізіп отыр.

Бүгін облыстың бас имамы Өмірзақ Бекқожа осы игі іс аясында халқымызды індеттен айықтыруға Аллаға дұға жасап, жамағат атынан екі қойды құрбандыққа шалды. Облыстық Дін істері басқармасының мамандары мен ақпарат құралдары игілікті шараға тілектестік білдірді.

Осындай сын сағатта атқарылатын сауапты істер мен қайырымдылық шаралары төтенше жағдай тұрақталғанға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру