Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: 242-ші баспана дін қызметкеріне бұйырды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 20.07.2020 2686 0 пікір
Қызылорда: 242-ші баспана дін қызметкеріне бұйырды

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге!» республикалық жобасының кезекті 242-ші баспанасы дін қызметкеріне бұйырды.

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Шиелі ауданына жасаған сапарында жаңа пәтердің кілтін жас отбасыға табыстады.

Бақыт Улжаев – Қызылорда облысының дін саласында адал қызмет атқарып жүрген білікті мамандардың бірі. Жалдамалы пәтерде өмір сүріп келе жатқан жас отбасылардың қатарынан.

Айта кетейік, үйсіз жүрген 30 дін қызметкерін баспанамен қамтамасыз етіп, қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған игі шара ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай бастау алған.

Бұған дейін аталмыш ауданда «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы аясында жергілікті кәсіпкер өзінің зекеті есебінен  әлеуметтік жағдайы төмен 2 отбасыға үй сыйлаған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру