Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ақпәтер ауылында жаңа мешіттің қазығы қағылды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 20.07.2020 2857 0 пікір
БҚО: Ақпәтер ауылында жаңа мешіттің қазығы қағылды

Ақжайық өңірі қуанышты хабармен қауышты. Жалпақтал ауданы, Ақпәтер ауылында қасиетті жұмада жаңа мешіттің қазығы қағылып, игілікті рәсім өткізілді.

Халық игілігіне берілетін жаңа мешіттің құрылысы асыл дінімізге жанашыр, жомарт қолды азамат, Қазақстандық танымал сатира актері, «Әзіл Әлемі» әзіл-сықақ театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатовтың демеушілігімен жүргізілмек. 

Аталмыш шараға Ақпәтер ауылының тумасы, дінтанушы, ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы Нұрлан Қабыкешов, облыс имамдарының кураторы, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген қажы Нұрәлиев Құран оқып, құрбан шалынып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Жиында самбодан әлем чемпионы Нұрбол Серіков, ауыл әкімі Нұрхат Сатыбалдыұлы, ауыл ақсақалдары арнайы қатысып, сөз сөйлеп, игі қуанышпен бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру