Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Шиелідегі қайырымдылық

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 19.07.2020 2659 0 пікір
Қызылорда: Шиелідегі қайырымдылық

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов Шиелі ауданында іс-сапармен болды.

Сапар барысында бас имам ҚМДБ-ның жылдығына орай ұйымдастырылған «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында ұйымдастырылған «30 көпір», «Жүрек жылуы» қайырымдылық акцияларына қатысты.

Аудан орталығында және Балаби ауылында өткен қайырымдылық шарасында 2 ірі қара мал құрбандыққа шалынып, 60 отбасыға азық-түлік қоржындары мен ет таратылды.

Құрбан шалу рәсіміне қатысқан бас имам Алла Тағаладан жәрдем тілеп, ауырып жатқан жандарға шипа сұрады.

Айта кетейік, соңғы үш апта ішінде  аудан мешіттерінің ұйытқы болуымен 4 ірі қара мал, 2 қой құрбандыққа шалынып, жергілікті тұрғындар атынан тасаттық берілген болатын. Нәтижесінде 81 отбасыға 650 кг ет үлестірілген.

Аталмыш шаралар  жергілікті кәсіпкерлер мен белсенді жамағаттардың демеушілігімен өткізілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру