Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Бала қажы» мешітінде құрбан шалынды

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі ihsan.kz 18.07.2020 2783 0 пікір
Қарағанды: «Бала қажы» мешітінде құрбан шалынды

Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып, бұрынғы қалпымызға жету мақсатында ҚМДБ Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде де құрбан шалып, дұға ету шарасы өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай өткізіліп жатқан шара «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұровтың ұйымдастыруымен өз жалғасын тапты. Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша имамы Өмірзақ Бекқожа арнайы қатысып, көпшілікпен бірге Құран хатымын жасап, Алладан еліміз үшін амандық сұрап, дұға жасады.

Жамағаттың қолдауымен жүзеге асқан игі шара барысында бір сиыр, үш қой арнайы шалынып, құрбан еттері мұқтаж отбасыларға таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру