Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Жолың болсын, жас түлек!» онлайн шарасы өтті

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 02.07.2020 3632 0 пікір
Шымкент: «Жолың болсын, жас түлек!» онлайн шарасы өтті

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасы аясында Шымкент орталық мешітінде онлайн түрде «Жолың болсын, жас түлек!» атты шарасы ұйымдастырылды.

Әлемде болып жатқан індетке байланысты және төтенше жағдай талаптарын сақтау мақсатында ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, «Жастар секторы» жетекшісі Анарғали Керімбековтер қатысып, мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов жастарға дұрыс мамандық таңдау, имандылыққа бет бұру, ата-ананы құрметтеу, отанды қорғау, әрқашан елге адал қызмет етіп, сыбайлас жемқорлыққа жол ермеу т.б. асыл құндылықтар төңірегінде ақыл-кеңестерін жеткізді.

Сондай-ақ, сынақ алдында тұрған түлектерге рухани қолдау көрсетіп, қиындыққа қарсы тұруға, сәтсіздіктер мен қателіктерге күйреп түспей, сабырлыққа үйрету мақсатында бірқатар кеңестер берілді. Түлектерге сәттілік тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру