Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыста халал асханалар көбейіп келеді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 23.06.2020 2489 0 пікір
Шығыста халал асханалар көбейіп келеді

Өскемен өңірінде кәсіпкерлерге «ҚМДБ Халал» сертификатын алудың маңызы барынша насихатталуда. Осындай түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде шығыста «Халал» мәртебесіне ие болған кәсіпорындар саны өсе түсуде.

Бұл жолы «ҚМДБ Халал» сертификатын алған кәсіпорындар қатарына Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінің асханасы және Риддер қалалық Д.Қонаев мешіті мен Күршім аудандық мешітінің асханалары халал сертификатына ие болды.

Өскемен өңірі бойынша халал бөлімінің өкілі Досжан Үмбет: «Халал сертификатына бірнеше мешіт жанындағы асханалар өтіп отыр. Халыққа халал қызмет көрсету мешіт асханаларынан басталуы тиіс. Халал өнімдерді тұтыну адамның денсаулығы үшін де маңызды. Алдағы уақытта халал қатарына өтетін тағы бірнеше кәсіпорын бар» деп атап өтті.  Ол сонымен қатар кәсіп иесіне берекет тілеп, халыққа адал қызмет етуді үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру