Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе түлектері емтихан тапсырды

Үшқоңыр медресе колледжі 18.06.2020 4274 0 пікір
Медресе түлектері емтихан тапсырды

Бүгін Үшқоңыр медресе колледжі түлектерінің қорытыны емтиханы өтті. Биыл мемлекеттік емтихан әлемдік пандемияға байланысты аз топтармен офлайн, қалған көпшілік шәкірттермен онлайн негізде жүргізілді.  

Емтиханды комиссия төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков және комиссия мүшелері Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Наржанов және Алматы облысы Жамбыл аудандық орталық  «Шынасыл» мешітінің бас имамы Қалжан Исламханов және онлайн арқылы «Әбу Ханифа» медресе колледжінің ұстазы Мұратқалы Түлкібаев және медресе колледж директоры Абзал Амиров қабылдады.

Сөз кезегінде комиссия төрағасы Смайыл Сейтбеков ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші тілектерге ыстық сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Шәкірттер Құран, фиқһ, араб тілі пәндері бойынша жинаған ілімін ортаға салып, сынақты ойдағыдай тапсырып шықты. Айта кетейік, биыл медресе колледжімізді 53 түлек тәмамдап отыр. Үздік бітірген шәкірттер білімін ары қарай жалғастырады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру