Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Облыс имамы – Маңғыстау ауданында

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 18.06.2020 3540 0 пікір
Маңғыстау: Облыс имамы – Маңғыстау ауданында

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы іссапармен Маңғыстау ауданында болып, аудандық мешіт қызметімен танысты.

Аудан орталығы Шетпе кентінің әкімшілігінде аудан әкімінің орынбасары Ерболат Хабиболлаұлымен кездесіп, ауданның даму ахуалы, өзекті мәселелер және дін тақырыбында сөз қозғады. Маңғыстау ауданына облыстың бас имамымен бірге, Ақтау қаласы Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Қошкелдіұлы, сол мешіттің наиб имамы Айдос Жамбылұлы, Мұнайлы ауданы Әл-Хаким мешітінің имамы Айғабыл Шаденов, Миғраж мешітінің имамы Руслан Баймұқанов, Баянды ауылдық мешітінің имамы Саламат Айтбаев барып, мешіттердің бүгінгі қызметі және алдағы жоспарларды талқылады.

Әнуар Елжанов іссапар барысында Маңғыстау ауданына қарасты мешіттердің имамдарымен және ауыл ақсақалдарымен жүздесіп, бірқатар мәселелер бойынша әңгімелесті. Маңғыстау ауданында 8 мешіт бар, Жармыш ауылында жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру