Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: Мұқтаждарға көмек берді

Ақтау қалалық "Бекет ата" мешітінің баспасөз қызметі 15.06.2020 2687 0 пікір
Ақтау: Мұқтаждарға көмек берді

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті. Мешіт қызметкерлері облыс орталығында тұратын 20 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті.

«Көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасында күнделікті тұтынатын тағамдар жеткілікті болмай жатады. Сондықтан қолдан келгенше мұқтаж жандарды қолдауға көңіл бөлуге тырысудамыз. Жомарт жандардың көмегімен мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратуды апта сайын ұйымдастырмақпыз» дейді Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.

Мешіт қызметкерлері ет, ұн мен көкіністер салынған қалталарды мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасылардың үйлеріне жеткізсе, көпбалалы аналарға азық-түлікті бас имамның өзі таратты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру