Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Қарияның батасын алды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.06.2020 2675 0 пікір
Түркістан: Қарияның батасын алды

Түркістан қаласының арғы-бергі тарихын білетін қазыналы қариялар азайып бара жатыр. Жамағаттар арасындағы ең үлкені – Нұрмұхамбет Бақтияров. Жүз жасқа таяп қалған атай ашаршылықты да, соғысты да көріп, үш дәуірді өткеріп келе жатыр. Ол соғысқа қатысқысы келіп, 4 рет әскери дайындықтан өткен. Алайда көзінің көру қабілеті жарамағандықтан майданға алмаған екен. Соған қарамастан тылда еңбек етті.

Нұрмұхамбет ақсақал «Хылует» мешітінің тұрақты жамағаты. 1920 жылға дейін Түркістанда 60 мешіт болған. Дін жоғалған заманда бір-ақ мешіт қалған. Қаланың қай бұрышында тұрса да, «Хылуетке» ерінбей барып, намаз оқыған екен. Соның өзінің бұзылып кетпеуіне үлес қосқан дінге жанашыр қарияның бірі.

Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбековтың бастамасымен қарт жамағаттарды құрметтеу айлығы басталды. ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай, қаладағы 30 мешіттің имамы 30 қазыналы қарияға 30 Құран кітап сыйлайды. Сондай-ақ олардан тарихи шежірелер жазылып алынады.

Нұрмұхамбет қарт көзінің қарашығындай сақтап келген 1935 жылы Қазан қаласында басылған Құран Кәрімді Жүсіпбек Қасымбековке сыйлады. Қала имамы Нұрмұхамбет атаға үлкен шрифтпен жазылған Құран кітапты тарту етіп, батасын алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру