Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Баспана кілті берілді

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 30.05.2020 2622 0 пікір
Баспана кілті берілді

Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылында ҚМДБ-ның 30 жылдық мерей тойына орай Алматы облысының қарт тұрғыны  Гүлжамал Хожалепесова баспаналы болды. 

Осы уақытқа дейін 15 жыл пәтер жалдап келген ол ҚМДБ қызметкерлері мен еріктілер мешіт жамағатына алғыс білдіріп, ризашылық жеткізді.

Қайырымдылық іс-шараға Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, ізгі тілегін білдіріп, осы сауабы мол қаржылай көмегін қосқан жомарт азаматтарға рахметін айтып, жаңа баспананың  кілттін табыстап, қоныс иелерін құттықтады.

Жиын соңында жаңа үйдің лентасы қиылып, ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, ас таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру