Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Имамдар алаңы» бағдарламасы ашылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.03.2020 3995 0 пікір
Шымкент: «Имамдар алаңы» бағдарламасы ашылды

Шымкент қаласы орталық мешіті жанынан «Имамдар алаңы» имандылық бағдарламасы көрерменге жол тартты.

Бұл бағдарлама Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жоба жетекшісі әрі iman.kz сайтының әкімшісі Азамат Әбдікермұлының айтуынша, бағдарламаға ЖАНТ мүшелерінен құралған білікті һәм елге танымал имамдар іріктеліп алынды.

Әр бағдарламада ҚМДБ-ның шығарған пәтуалары, түрлі ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр, руханият, жастар тәрбиесі т.б өзекті тақырыптар арқау етіледі. Бағдарламаның толық нұсқасы Instagram және YouTube желілері арқылы таралуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру