Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Семейде тағылымды семинар өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 28.01.2020 3133 0 пікір
Абай-175: Семейде тағылымды семинар өтті

Ілгеріде Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық музейінде «Хакім Абайдың  рухани мұралары» атты семинар басталғанын хабарлағанбыз. 15 күнге созылған танымдық һәм тағылымдық мән-мағынаға толы семинар Семей қалалық Төлеубек қажы мешітінде қортындыланды.

Семинарға Семей аймағына қарасты мешіт имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Ол жерде имамдар күнделікті қызметте, мешіт ісін жүргізуже және жамағатпен жұмыста ескерілуі тиіс ортақ қағидаларға қанығып, кәсіби машығын ұштады.

Расында, діни қызмет тек білімнен ғана емес, тәжірибемен де тығыз астасуы тиіс. Ата дінімізді ұлттық дәстүр мен салт-сана тұрғысынан және Абай сынды дана тұлғалардың рухани мұралары тұрғысынан зерделей білу қажет. Осы орайда семинар барысында өңір имамдарына маңызды мағлұматтар берілді.

Семинардың қортынды жиынында Ислам дінінің қанат жайып өркендеуіне үлес қосып, дін жолында жемісті еңбек етіп жүрген және рухани тұрақтылықты сақтай отырып, имандылықты кеңінен насихаттаған мешіт имамдары мен наиб имамдарына ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Мұқанов сертификат табыстады. Осы шараның ұйымдастырған Төлеубек қажы мешітінің имамы Ұлан Ермекұлына да алғыс хат берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру