Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәуелсіздік күнгі тарту

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 16.12.2019 2539 0 пікір
Тәуелсіздік күнгі тарту

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай «Шымкент қайырымды қала»  жобасы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шараға Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, аудан әкімінің орынбасары т.б. азаматтар қатысып, барысында тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 30 отбасыға азық-түлік таратылды. Оның ішінде бір қап ұн, қант, макорон, шай, өсімдік майы, тұз, күріш,  т.б.

Сондай-ақ Мұхамеджан Естеміров барша азаматтарға ҚМДБ-ның алға қойған мақсаттары мен мүдделері туралы айта келе, бақ пен дәулет тілеп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру