Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Спорт – тән саулығының кепілі

Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі 15.12.2019 2273 0 пікір
Спорт – тән саулығының кепілі

Тәуелсіздік мерекесіне орай БҚО Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог-маманы С.Тасмұхановтың ұйымдастыруымен аудан жамағаттары арасында «Иман – жан байлығына кепіл, спорт – тән саулығына кепіл» атты отбасылық эстафета өтті.

Исламның спорттан алыс еместігін және отбасы арасында береке, бірлік, пен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа аудан бойынша 8 отбасы қатысты.

Жарыс барысында алғы сөз алған Nur Otan партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев және аудандық мешіттің бас имамы Есенболат Абдуғалиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесі бойынша 6 кезеңнен сүрінбей өткен Ахмулдиндер отбасы, Жұмаевтар отбасы, Ғұмаровтар отбасы жүлделі орындарға ие болды. Қалған 5 отбасыға да ынталандыру сыйлығы берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру