Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұхитдин Исаұлы жастарды жігерлендіретін сөз айтты

«Байкен» мешітінің баспасөз қызметі 14.12.2019 2615 0 пікір
Мұхитдин Исаұлы жастарды жігерлендіретін сөз айтты

Алматыдағы «Байкен» мешітінде жамағаттың бірлігін сақтау мақсатында ай сайын ұйымдастырылып келе жатқан кездесуге ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мубарак университетнің  теология ғылымының докторы Мұхитдин Исаұлы қонақ болып шақырылды.

Бас имам, қари Данияр Жұмабаев жамағатты келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай келе, үрдіске айналған кездесуге арнайы шақырылған мейманды таныстырды.

Мұхитдин Исаұлы Тәуелсіздіктің нышаны болып табылатын елтаңба, ту, гимн, ұлттық валюта қандай құнды болса, мешіттер де – тәуелсіздіктің нышаны деген пікір айтты. Себебі, шет елден келген қонақтар біздің мешіттеріміздегі жастарды көріп ел болашағының ертеңі жарқын екенін түсінеді.

«Міне, мен жамағаттың көпшілігінің жастар екендігін көріп отырмын. Мемлекет қоғамнан, қоғам отбасынан құралады. Сондықтан, жастар, сендер отбасын құруларың үшін әуелі жарларыңды дұрыс таңдауларың керек. Отбасы көркем мінез-құлық және мәміледен тұрады. Біздің бойымызды қазір тәкаппарлық деген жаман сипат билеп алған. Тәкаппарлықты жеңетін ең жақсы тәсіл – қызмет жасау. Қызмет жасаудың аясы өте кең» дей келе Отан үшін қызмет етіп жүрген жастарға алғыс айтты.

«Мысалы, бүгін мешітте дастарқан жайып жатсыздар. Қаншама ерікті жастар көмектесіп жүгіріп жүр. Сіздер басқаларға үлгісіздер. Ерікті жастар ата-әжелердің үйін сыпырып, тазалап, қарын күреп, басқа да түрлі жолдармен басқаларға көмектесіп жүреді. Сол сияқты көшелердің, аулалардың, мешіттердің тазалығына көмектесіп жатқан жандар бар. Бұлардың барлығын не үшін істеп жатыр? Бір Алланың ризашылығы үшін. Міне «Отанды сүю – иманнан» осындай жағдайда туындайды» деп түйіндеді Мұхитдин Исаұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру