Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рудный: Мешіт шәкірттері білім сайысына қатысты

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.12.2019 2484 0 пікір
Рудный: Мешіт шәкірттері білім сайысына қатысты

«Иманды жастар – ел болашағы» бағдарламасы аясында Рудный қаласындағы «Кәмшат ана» мешітінде өңірдегі мешіт шәкірттері арасында Білім сайысының екінші кезеңі өтті.

Сайысқа Рудныйдың «Нұр», Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», Қостанай қалалық «Жайлаубай ата», Қашар кентінің «Кәмшат ана», Лисаков қаласының «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіттерінің шәкірттері қатысты.

Жарыста «Фиқһ», «Ақида», «Мәзһабтар тарихы», «Сира» пәндерінен сұрақтар қойылды. Байқауға қатысушылар терең білімі және белсенділігімен көзге түсті. Нәтижесінде бірінші орын алған «Нұр», екінші орынды иеленген «Кәмшат ана» және үшінші орынды жеңіп алған «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешіттерінің шәкірттеріне қаржылай сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді.

«Иманды жастар – ел болашағы» бағдарлама аясында ұйымдастырылған білім сайысы талапты шәкірттердің рухани дамуына оң әсер тигізгені даусыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру