Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр мешіттері есеп берді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 12.12.2019 2561 0 пікір
Сыр мешіттері есеп берді

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала және аудан мешіттерінің бас имамдары 2019 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша есеп берді.

Имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен төрт бағыт – оқу-ағарту, діни-ағартушылық және үгіт-насихат жұмыстары, жат ағымның алдын-алу, қайырымдылықтан бөлек басқарма тарапынан келген өзге де тапсырмалар мен қоғамға үлгі боларлық іс-шаралар, мешіт құжаттамасы, кадр мәселесі, жастар бағытының есебін баяндап, көрсеткіштерін бөлісті.

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мешіт имамдарына Алматыда өткен кеңейтілген Төралқа отырысында талқыланған мәселелерге тоқталып, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасын таныстырды.

2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай, Бас мүфтидің «30 жылдықта 30 игі шара» өткізу жөніндегі тапсырмасын түсіндірді. Сонымен қатар, атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша сын-ескертпелер беріп, аймағымызда өткізілген өнеге аларлық шараларды атап өтті.

Сөз соңында аталмыш жылда белсенді атқарылған игі жұмыстар үшін алғыс білдіре отырып, келер 2020 жылы бұдан да жоғары деңгейде жұмыс атқарылуы керектігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру