Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтаудың әкімін қабылдады

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 12.12.2019 2941 0 пікір
Ақтаудың әкімін қабылдады

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов пен Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Балғожаеваны қабылдады.

Кездесуде қарт Каспий жағалауынан келген меймандар Маңғыстаудағы діни ахуалды жақсарту жолдары, мамандармен қамту секілді негізгі мәселелерді талқылады.

«Теріс діни ағымдарға тойтарыс дұрыс діни бағытта білім алған мамандар арқылы жүзеге аспақ. Сондықтан Нұр-Мүбарак университеті осы мақсатта маман даярлаумен қатар, ең қажетті әрі маңызды ғылыми еңбектерді де жарыққа шығаруға ден қойып отыр, – деген проректор Қайрат Құрманбаев университеттің елдегі діни ахуалға қатысты мүмкіндігіне тоқталып өтті.

Дін саласындағы көптеген сауалға тұшымды жауап алған Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Мұқырұлы Ислам ғалымының пікіріне мұқият құлақ асып: «Біз бұл мәселелерге дәл мамандар секілді ішінара үңіле бермейміз. Сіздер діннің ішкі түйткілдерін жақсы меңгергендіктен, бұл талқыланған тақырыптар бізге көптеген мағлұматтар берді» деп лебіз білдірді.

Сондай-ақ кездесуде діни қызметкерлер мен дін саласы мамандарының білігін арттыру мақсатындағы семинар-тренингтер, арнайы курстар, кітаптар мен әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселелерімен қоса, болашақ түлектерді аймаққа жұмысқа тарту жағы да талқыланды.

Белгілі теолог, діни экстремизм мен терроризмге қарсы салада еліміздегі ең білікті маманның бірі Асқар Сабдин де ойын ортаға салды. Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Балғожаеваны кездесу барысында Нұр-Мүбарак университетімен арадағы меморандум аясында жасалатын жұмыстардың одан сайын жандана түсетіндіне сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру