Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жеңіс Қасымбек мешітке келді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 12.12.2019 2868 0 пікір
Жеңіс Қасымбек мешітке келді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық «Әнет баба» мешітінде аймақтағы қала, аудан имамдарымен кездесті.

Облыс әкімі Қарағанды өңірі көлемінде атқарылып жатқан рухани іс-шаралар барысымен танысып, діни істердің ұйымдастырушылық-ағартушылық қызметін арттыру, дін саласындағы жаңа бастамаларға тың серпін беру керегін айтты.

«Бүгінгі мешіт имамдарының халық арасында жүргізетін ауқымды істері Қазақстан мұсылмандарының рухани сұранысына қалтқысыз қызмет етудің жарқын көрінісіне айналып келеді. Сонымен қатар, қоғамдағы бірлік пен келісімді, ұлтаралық және дінаралық татулық пен бейбітшілікті нығайтуға да аянбай үлес қосып келеді. Сідерге осы бағытта әлі де дамытуға шақырамын» деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Кездесу барысында қала, аудан имамдары облыс басшысымен діни саладағы әлеуметтік және рухани мәселелерге қатысты ашық пікірлесті. Кездесу соңында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қасиетті мешітке қадам басып келген өңір басшыларына дін қызметкерлері атынан алғыс айтып, ізгі тілегін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру