Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теректі ауданындағы тағылым кеші

БҚО Теректі аудандық мешітінің баспасөз қызметі 12.12.2019 2447 0 пікір
Теректі ауданындағы тағылым кеші

БҚО Теректі аудандық мешіттің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Өмірі өнегеге толы Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күніне орай ұйымдастырылған шарада теректілік тұрғындарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов және облыстық орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек Ихсанов құттықтады.

Рухани кештің шымылдығын Покатилов ауылдық мешітінің имамы Арман Мақсотов құран оқып ашты. Аудандық мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері  Таңат Жексенбаев, Айбек Дәулетқалиев, Дәурен Жұмағалиев «Адамның бір қызығы бала деген», «Өмір-ай», «Өлшеулі өмір» секілді әндерді әуелетті. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезін бейнелейтін «Пайғамбарға махаббат» тақырыбында көрініс қойылды.

Кеш соңында аудандық мешіттің бас имамы Еркінбек Ебелекқажиев алтын уақытын бөліп келген теректіліктерге алғыс айтып, шараға қатысып, белсенділік танытқан Покатилов жалпы орта мектебінің шәкірттеріне естелік сыйлықтар табыстады. Шара түйінінде Подстепный ауылының тұрғыны Тілеген қажы Какимова әжей шараны ұйымдастырушыларға ризашылық білдіріп, бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру