Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Университет тынысымен танысты

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 12.12.2019 2894 0 пікір
Университет тынысымен танысты

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат  Нұр-Сұлтаннан келген құрметті меймандарды арнайы қабылдады. Ректор Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Хатиев пен ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевке университеттің тыныс-тіршілігі, дін мамандарын даярлаудағы ерекшеліктер жайлы таныстырды.

«Біз студенттерге Исламның классикалық үлгісін оқытамыз. Қоғамға Ислам діні жайлы дұрыс білім жеткізіп, түсінік қалыптастыратын біздің студенттер болғандықтан, олдардың дінмен шектелмей, жан-жақты болып дамуын ерекше назарда ұстаймыз» деді ректор.

Кездесуде сөз алған университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев оқу орнында Исламның ханафи ұстанымы басты бағдаршам екенін нақтылып айтты.

«Ислам діні жайлы дұрыс білім, дұрыс түсінік қалыптастыру – теріс ағымдардың алдын алудың тікелей жолы. Қазіргі жат ағымдардың елімізде етек алғаны олардың рухани бостығын теріс діни түсінікпен толтырғанында. Олардың сенімі теріс бағытта қалыптасқан. Сол себепті университетімізде ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанған ханафи жолын ғылыми тұрғыда дамытуға ерекше назар аударудамыз» деді ол.

Арнайы қабылдаудан кейін меймандар университет кешенін аралап, дәріс аудиториялары, кітапхана, SmartClass, асхана, жатақхана, мешіт жұмыстарымен танысты. Университет дамуына қатысты деректер алып, факультет, кафедра меңгерушілерімен кездесті.

Өз кезегінде Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Хатиев ел дамуына елеулі үлес қосып отырған жоғары білім шаңырағына мемлекет тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетілетінін атап өтті.  ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев те университет басшылығына жылы қабылдауы үшін алғыс білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру